Бейнекамераға олар Рудный қаласының төңірегіндегі жанармай құю бекетінің маңында түсіп қалған. Куәгерлер екеуін соңғы рет көрген аумақ та сол жер болатын, деп хабарлайды 24.кz.
Жазбаға тұтқындағы қыз бала мен белгісіз жігіт алыстан түскен. Сол себепті күдіктінің бет-жүзін анық көру мүмкін емес. Алайда оның дене бітімі толық көрінеді. Ұзынша, арықша келген, бір аяғын сылтып басатын ер адамның Викторияны оның мүрдесі табылған төңірекке қарай әкетіп бара жатқаны анық көрініс береді.
Күдіктіні біреулер танып қалуы мүмкін деген үмітпен қазір бейнежазба әлеуметтік желілерге таратылып жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, белгісіз біреудің қолынан қаза тапқан 7 жасар қыз баланы Рудный халқы 24 мамырда ақтық сапарға шығарып салды. Сәуір айында жоғалып кеткен Викторияны жергілікті тұрғындар бір ай бойы іздеген еді.