Ғаламтордағы суицидке үгіттейтін парақшалар жабылды


Мамандар мұндай парақшалардағы түрлі үгіт-насихаттың арты жастардың суицидке баруына түрткі болатынын сараптап көрсетті. Атап айтқанда, арандатушылар өз-өзін өлтіру туралы ашық пікірлер таратып, түрлі фотосуреттерді ғаламторға жариялаумен айналысқан. Психологтар да ата-аналарға жастардың ғаламтор желісін пайдалануына жіті қадағалау жасау қажеттігін ескертеді.

- Талдау барысында анықталғандай аталған топтардың негізгі мақсаты бұл жасөспірімдер арасында өмірге құштарлықты басып, суицидке итермелеу болып табылады. Облыстық прокуратура органдарымен аталған топтарда 2 мыңға жуық жасөспірімдердің тіркелгендігі анықталды. Аталған факт бойынша прокуратура органдарымен бұл топтардың қызметіне шектеу қойылды, деді облыстық прокуратураның бөлім басшысы Аслан Нұрғалиев.