Осакаров аудандық ІБ-ге 69 жастағы әйел арызданған. Оның айтуынша, ғаламторда танысып, кездесуге шақырған ер адам оның ұялы телефоны мен ақшасын жымқырып кеткен.
«Зардап шеккен әйел жаңа танысқан ер адамның аты Алексей екенін және онымен қандай сайтта танысқанын ғана біледі», - делінген хабарламада.
ІІБ қызметкерлері ғаламтордан алаяқтың парақшасынан оның суретін көшіріп алып, сол маңдағы дүкен, дәмхана, көлік жөндеу стансаларын аралап сұрастырған. Нәтижесінде бір механик таныпты әйтеуір.
Сөйтіп полицейлер күдіктіні Ақмола облысының Аршалы ауылында құрықтады.
«49 жастағы ер адам осыған дейін де алаяқтық бойынша істі болған, алайда бұл әдетінен әлі де арыла алмай келеді», - деп түйді облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер.