Ғалым: Адамдар 500 жасқа дейін өмір сүре алады

Соңғы кездері адам өмірін ұзартумен айналысып жүрген Мэрис, Жер тұрғынының  биологиялық мүмкіндігі 500 жылды құрайтынына сенімді, деп хабарлады Informing порталы.

Ғалым адам өмірін ұзарту мүмкін екенін айтты. Алайда бұл үшін жасушаларды басқару арқылы өмірді ұзарта алатын жоғары технологиялық машиналардың көмегі қажет.

Бүгінде ғалымдар дұрыс тамақтанып, салауатты өмір салтын ұстанатын адамдар 120 жылға дейін өмір сүре алатынын айтып отыр.  Ғалымдардың соңғы жаңашылдықтарының тиімділігіне сенсек, бұл көрсеткіш арта түспек.