Ғалым Оразбақов Қазақстанның Кипрдегі елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Қазақстан Республикасының Израиль Мемлекетіндегі төтенше және өкілетті елшісі Ғалым Ізбасарұлы Оразбақов Қазақстан Республикасының Кипр Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.