Бұл туралы Baq.kz тілшісі хабарлайды.
«Қазіргі таңда жаңа тенденция байқалуда. Технологиялардың ықпалымен кей мамандық өз маңыздылығын төмендетіп қана қоймай, нарықтан жоғалып кетеді. Сондықтан мамандарды жұмысқа қабылдау барысында олардың еңбек өнімділігіне баса мән беріледі. Сондай-ақ, алдағы уақытта ауқымды деректерді өңдеп, бағдарлама жасайтын және IT әрі робототехника саласындағы мамандарға сұраныс артады. «Life long learning» концепциясының маңыздылығы арта түседі. Яғни болашақта мамандар өз білімдерін үнемі жетілдіріп отыруы тиіс», - деп түйіндеді сөзін ғалым.
Айта кетейік, аталған брифинг Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауын түсіндіру мақсатында ұйымдастырылды.