Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі mk.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Әрине, әзірге бұл технологияны мінсіз деп айтуға келмейді. Әлі толықтыратын жерлері көп. 10 апта бойы зерттеушілер еріктілерге түрлі сурет көрсетті. Алдымен, ғалымдар еріктілер миының белгілі бір картиналарға деген реакциясын анықтап алды. Кейін аталған реакцияларды ғалымдар ойлап тапқан алгоритм бір-бірінен ажыратып, қажет кезде «танып» отырды.
Ақпарат еріктілер картиналарды қарап отырған кезде ғана емес, олар көрген суреттерін еске түсіргілері келген кезде де жиналып отырды. Жасанды ақыл қажет мөлшерде ақпаратты өңдегеннен кейін мамандар онымен тәжірибе жүргізді. Тәжірибе барысында еріктілер белгілі бір фигура, жануар және т.б. суреттерге қарады, ал жасанды ақыл өз кезегінде адамның не туралы ойлап тұрғанын анықтады.