Ғалымдар әлемдегі ең мықты биоматериалды анықтады

Алайда ағылшын ғалымдары бұл пікірді жоққа шығарды. Олардың пікірінше өрмекші жібінен теңіз ұлуының тісі беріктеу екен.

Ұлыбританиялық зерттеушілердің мәліметінше, теңіз ұлуының тісі өрмектен мықтырақ, ол тіпті кевлардан да берік. Ұлулар тістерімен құздардан азығын тазартып алады екен.  

Зерттеу кезінде ғалымдар теңіз ұлуының тісі  гетит минералының ұсақ  талшықтарынан тұратынын анықтаған, деп хабарлады "Моя планета".