Ғалымдар арық болудың қауіпті екенін анықтады

Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Зерттеу нәтижесі Journal of Alzheimer's Disease басылымында жарияланды.

Ғалымдар анықтағандай, 50-60 жастағы адамдардың дене салмағының индексі төмендеген кезде, олардың деменцияға шалдығу қаупі жоғары болады.

Мамандар ақыл-естің кемуіне соқтыратын жаңа факторларды анықтау үшін Фремингем зерттеуі бойынша талдау жүргізген.

Атап айтқанда, олар адамдардың демографиялық деректерін зерделеген, сонымен қатар зерттеуге қатысқан 1979-1983 жылғы адамдардың арасында кімдерге деменцияға шалдығу диагнозы қойылғанына да назар аударған.

Осыған дейін жүргізілген зерттеулерде мамандар ақыл-есі кемуге әкеліп соқтыратын негізгі фактор адамның жасына байланысты деген байламға келген. Бірақ, зерттеу жұмыстарына сай, 50-60 жас шамасындағы арық адамдардың толық денелі қатарластарына қарағанда деменцияға көбірек шалдығатыны анықталған.


Деменция дегеніміз – жоғары психикалық функциялардың жете дамымауынан болатын ақыл-естің кемуі.