Ғалымдар ашыққан адамның өмірі ұзаратынын дәлелдеді

АҚШ-тың Джорджия штатының ғалымдары адам ашыққан кезде бөлінетін химиялық қоспаның жасартатын әсері бар екенін және жүрек-қан тамыр мүшелерінің жұмысын ұзартатынын анықтады, деп хабарлайды Today.kz EurekAlert! сайтына сілтеме жасап. 

Мамандар β-гидроксибутираттың қартаюға беретін әсерін сараптады. Басқа да кетон денелері сияқты гидроксибутират ашыққанда, калориясы аз диетада және интенсивті физикалық жаттығу кезінде түзіледі. Дәл осы қоспа қартаюды баяулатады екен. 

β-гидроксибутират арнайы ақуызбен байланыс жасап, Oct-4 факторының белсенділігін күшейтеді.


Ғалымдар болашақта адамдарды ашықтыру арқылы жүрек-қан тамыр мүшелерінің, Альцгеймер мен рак ауруларының алдын алмақ.