Франция мен Ұлыбритания ғалымдар тобы Азияның 127 өңірінен (Батыс Түркиядан Эвенкияға дейін, Қазақстаннан Вьетнамға дейін) 5321 ер адамның Y-хромосомасын зерттеген. Алынған деректерді талдап, олар зерттелгендердің 37,5 пайызы 11 ер адамның ұрпағы екенін анықтаған.
Егер бұл өлшемді Азия халқының қазіргі барлық тұрғындарына шақса, ғаламшардың бұл бөлігінде 11 бабаның 830 млн-ға жуық ұрпағы өмір сүріп жатқан болып саналады, деп жазады rosbalt.ru.