Ел диқандары үшін арнайы өндірілген астықтың бұл сұрпы бұған дейін тек Германия, Польша, Франция, Австралия, Қытай, Венгрия және Беларусь елдерінде өсірілген.
Қазақстандық бидайдың ерекшелігі қуаңшылыққа шыдамды. Қазір зертханалық жағдайда сынақтан өтіп жатқан жаңа тұқым, енді 7-8 жылдан кейін егістік даласына себілетін болады. Мамандардың айтуынша, бұл сұрыптың болашағы зор.
- Бұл тұқымның қолданыс аясы өте кең. Оны шаруалар мал жемі ретінде де пайдалана алады. Ал оны өңдеп, диеталық тағамдарға да қосуға болады. Третекале тұқымының тағы бір ерекшелігі ол құнарлығы төмен жерде өссе де, мол өнім беруі әбден мүмкін, - деді зертхана меңгерушісі Галина Штефан.