Ғалымдар ішімдіктің тағы да бір зиянын анықтады


Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі korrespondent.net сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Батыс Сидней университетінде жұмыс істейтін австралиялық гастроэнтеролог Винсент Хо алкогольді ішімдіктердің тағы да бір зиянын анықтады. Ғалымның айтуынша, оны мөлшерден көп тұтыну асқазан жасушаларының зақымдануына алып келеді.

47 ерікті қатысқан зерттеу нәтижесіне сәйкес, алкогольді ішімдікті көп тұтынған кезде асқазан жасушаларына зақым келіп, қансырайтыны анықталды. Бұдан өзге қызыл шараптың ағзадағы бактериялардың өсуіне кедергі жасайтыны белгілі болды. Құрамында 60-80% алкоголі бар ішімдіктер ауыз қуысындағы бактерилерді бір минут ішінде жойып жібере алады. Ал құрамында 10% спирті бар ішімдіктен кейін жасушалар 24 сағат ішінде қалпына келе бастайды. Ішімдікті ұзақ уақыт бойы тұтынатын адамдарда іш өту, құсу сынды ауру белгілері пайда болады.