"Мәселе мынада. Көксарайда екі көне қала бар. Олардың айналасында сол өңірде көне ғасырларда күн кешкен халықтардың қабірлері аса көп. Ол жерде ұзындығы бір шақырым, ені 400 - 600 метр болатын ежелгі қала бар. Бұл Сырдарияның ескі арнасындағы бірегей қала, ол біздің жыл санауымыздың IX ғасырына тиесілі. Ол жерде айлақ болған деген жорамал бар. Бұл - гипотеза, сол маңда көне айлақтардың бірі болуы ықтимал деген гипотеза, оны тексеру керек. Сондай-ақ, ол жерде тоғыз ескерткіш бар, дербес тұрған және топтама түріндегі қорғандар баршылық. Олардың кейбірі Алтын адам табылған жердегідей патшалық қорғандарға өте ұқсас", - деді Б. Байтанаев.