Бұл туралы Lancet Psychiatry ғылыми журналында жарияланған британдық және американдық ғалымдардың зерттеуінде айтылған.
"Коронавирус диагнозы қойылған 236 379 пациенттің арасында алдағы жарты жылда жүйке ауруы 33,62% адамда байқалады деп болжануда", - дейді мамандар.
Ғалымдардың айтуы бойынша, көбінесе ковидпен ауырғандарға ишемиялық инсульт, аффективті бұзылулар, ұйқысыздық, дәрілердің әсерінен психикалық ауытқу, деменция диагноздары қойылады.