Гема-Квебек қан орталығының дәрігерлері инфекциядан айығып шыққан адамдарға зерттеу жүргізген. Олар 15 науқастың қанын алып, оның құрамы қалай өзгеретініне сараптама жасапты. Нәтижесінде 88 күннен кейін қандағы антиденелердің азайып кеткендігі анықталған. Ал үш-төрт айдан кейін олар мүлдем жойылыпты.
Десек те дәрігерлер бұл тек коронавируспен ауырып шыққандардың ағзасындағы антиденелерге қатысты екенін алған тартты. Сөздерінше, вакцина арқылы антиденелердің түзілуі жолы да, қандағы концентрациясы да өзгеше болады. Сол себепті екпеден кейін антиденелер тез жойылып кетеді деген тұжырымға келуге болмайтын көрінеді.