Атап айтқанда, кеңестердің қатарында инвестиция ағынын таза өндіріске қарай бағдарлау және регулятивті қаржылық және құқықтық негізді құруға бағытталған ынталандырушыларды, қолдау механизмдері мен стратегияларды пайдалану жолымен экологиялық тиімділігін қамтамасыз ету бар. Сондай-ақ, кәсіптік мамандықтарға оқып жатқан студенттерді дайындау кезінде тереңдетілген экология курсын енгізу ұсынылып отыр. Семинарға қатысушылардың пайымдауынша, адамзат тіршілігінің саласындағы экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жаңа түрлерін құру бойынша іргелі ғылыми зерттеулерді дамыту, өнеркәсіп орындарының қызметіндегі табиғатты тиімді пайдалануды енгізу қажет.