Британдық Би-би-си телерадиокорпорациясының хабарлауынша, протезді орнату жөніндегі операция Римде жасалды. Оған Италия, Швейцария мен Германия мамандары қатысты.
Иықтағы жүйке тамырларына жалғанғандықтан жасанды қол ұстаған заттарды сезінуге мүмкіндік береді. Дания тұрғыны Деннис Аабо осындай бионикалық қолдың тұңғыш иесі атанды.
Әзірге бағасы қымбат болғандықтан протездің бұл түрін көпшіліктің қалтасы көтере бермейді, - дейді мамандар.