Ғалымдар қандай әйелдер тартымдырақ екенін анықтады

Бұл туралы Tengrinews Daily Mail-ға сілтеме жасап хабарлайды. 

Зерттеушілер 110 ер адамға арқасымен қарап түскен шаштары сары және қара түсті әйелдердің суреттерін көрсеткен. Ерлердің көбі сары шашты әйелдерді тартымдырақ деп тапқан. Ғалымдар мұны жас өткен сайын шаштың түсі күңгірттене түсетіндіктен, шаштарының түсі ашық әйелдер жасырақ көрінетіндігімен түсіндірді. 

Дегенмен ерлердің басым бөлігі отбасын құру үшін шашының түсі қара немесе қоңыр әйелдерді таңдайтынын айтады. Ерлердің ойынша, шашының түсі сары әйелдердің мінезі жеңілтек келеді.