Ғалымдар жаңа планетаны тапқандарын айтып әлемге жар салды

Жаңа планетаға Кеплер-452би деген атау берілді. Ғаламшар күнге ұқсайтын өз жұлдызын айналады екен. Ғалымдар онда тіршілік болуы мүмкін деп болжайды. Планета жерден 60 пайызға үлкен, ал оның құрамы мен салмағы әзірге белгісіз. Кеплер-452би-дің бір жылы 385 күнге созылады. Себебі, оның орбитасы біздің планетамен салыстырғанда 5 пайызға үлкен екен. Тек жер мен жаңа планета аралығы тым қашықтау .

Loading...