Ғалымдар: жақын достар генетикалық жағынан ұқсас келеді

Мамандар бұл зерттеуін Proceedings of the National Academy of Sciences журналына жариялаған.

Зерттеушілердің пікірінше, екі достың генетикалық маркерлерінің ұқсастықтары олардың арғы ата-әжелерімен ұқсастығы сияқты болып келеді.

«Сіздердің достарыңыз сізге тек сырттай ғана емес, генетикалық жағынан да ұқсас болып келеді», - дейді зерттеудің авторы,  Йель университетінің маманы Николас Кристакис.

Ғалымдар өз зерттеулеріне жүздеген жұп достар мен таныс емес адамдарды, сондай-ақ жүз мыңдаған генетикалық маркерлерді пайдаланған екен.