Ғалымжан Пірматов Ұлттық банк төрағасы қызметінен босатылды


Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Еске салайық, Ғ.Пірматов бұл қызметке 2022 жылдың ақпан айында тағайындалған болатын.

Ғалымжан Олжаұлы Пірматов 1972 жылы 24 сәуірде дүниеге келген. Новосібір мемлекеттік университетін, Қазақстанның экономика және болжау менеджменті институтын, Atkinson Graduate School of Management, Willamette University бітірген. Бұған дейін «Халық банк» АҚ инвестициялық банкинг департаментінің директоры, ҚР экономика және бюджетті жоспарлау вице-министрі, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ экономика және қаржы жөніндегі вице-президенті, «Cameco Kazakhstan» компаниясының президенті, ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған. 2017-2021 жылдары «Қазақ атом өнеркәсібі ҰАК» АҚ басқарма төрағасы болды.