Ғани Қасымов әлеуметтік желіге жартылай жалаңаш суретін салды

Бұл суретті белгілі тележурналист Серік Аббас-шах Фейсбуктегі өзінің парақшасына жариялады. Онда фотоның инстаграммнан алынғанын ескерткен Аббас-шах былай деп жазыпты: «Мырзатай Жолдасбековтің қазақ тілінен сүрінбейтін сүйікті "шәкірті", атақты экс-кеденші, шаршамайтын экс-депутат (генерал) Ғани Қасымов жаңа қырын танытуда».

Танымал саясаткердің суреті енді әлеуметтік желі қолданушыларының наразылығын тудыруда. Көпшілігі Қасымовтың мұнысын ұят деп отыр.