Ал әлемде бұл дұрыс жолға қойылып жатыр. Мысалы, Оңтүстік Корея мен Испанияда. Белгілі хирург-трансплантолог Болатбек Каюповтың айтуынша, бұл елдерде ағза донорлығының қалыптасуына ондағы танымал азаматтар ықпал еткен.
Осыған орай Caravan.kz медиа-порталының тілшісі біздің елдегі белгілі адамдардың пікірін сұраған еді. Сұраққа жауап берген үш адам ағза донорлығын қолдайтынын мәлімдеді. Ал "өзіңіз сондай қадамға барар ма едіңіз?" деген сауалдың жауаптарын төменде келтіріп отырмыз.
Ғани Қасымов, саясаткер, Кәсіпкерлердің ұлттық палатасының Сенаттағы өкілі:
- Әрине, ондай қадамға барар едім. Неге солай етпеске? Тек ол үшін заңдар мен жүзеге асыру тетіктері ашық болуы тиіс.
Жәмила Серкебаева, скрипкашы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері:
- Егер бұған шығармашылық тұрғысынан қарасақ, жүрегімді берер едім. Менің жүрегім жақсы, сезімтал... Ал енді сөздің шынына келсек, бұған моральдық жағынан көп дайындалу керек. Руханилық тұрғысынан қарағанда, мен келісемін.
Аружан Сайын, қоғам белсендісі, "Милосердие" қайырымдылық қорының директоры:
- Иә, мен донор болуға дайынмын. Егер бұл біреуді құтқара алса, басқалардың өмірін жалғастыруына мүмкіндік берсе, оған тек қуанамын.