Ғани Қасымов Қазақстан премьер-министрінен республика аумағында "Теңіз Шевройл" компаниясының жұмысына тыйым салуды сұрады

"Өзінің іс-әрекеттерімен қоршаған ортаға және тек атыраудың ғана емес, сонымен бірге, батыс өңірінің тұрғындарына жаппай өлшеусіз зиян келтіріп оытрған компанияның жұмысына баса назар аударуды сұраймын", - деді Ғ. Қасымов сенаттың жалпы отырысында үкімет басшысына жолдаған депутаттық сауалында.

"Егер 9 млн тонна күкірттің мәселесі шешілмесе, онда мен сізден күкірт толық пайдалы жаратылғанға дейін Қазақстан аумағында бұл компанияның іс-қызметіне тыйым салуды сұраймын", - деді ол.

Депутат үкімет басшысынан "бұл проблеманы үкіметтің қатаң бақылауына алуды сұрайды". Сондай-ақ, сенатор "Нұр Отан" партиясының парламенттік фракциясынан осы сауалды қолдауды өтінді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті