Астана қалалық туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасы баспасөз қызметінің хабаралуынша, еліміздің былғары қолғап шебері Ғани Жайлауов шаршы алаңда Үндістан спортшысы Джай Бхагванмен кездеседі. Жекпе-жек Астана уақыты бойынша сағат18.30-да басталады.
Естеріңізге сала кетейік Ғ.Жайлауов 29 шілде күні өткен алғашқы жекпе-жегінде тай боксшысы Сайл Ардиді ұтқан болатын.