Жайлы қызмет тапқан Айымбетов ұлттық компанияда ғарыш жүйелерін құру, спутник пен жаңа технологияларды енгізу шаруаларына жауапты болмақ. Космосқа ұшып келген соң 4 ай ел аралап, сый-сыяпаттың астында қалған оған «Халық қаһарманы» атағы да берілген. Десек те, аспанды бағындырып, жерде жұлдызы жанған жалғыз ол емес. Мәселен, әйгілі Тоқтар Әубәкіров ғарыштан оралысымен 1992 жылы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасарлығына тағайындалған еді. Ал екінші ғарышкер Талғат Мұсабаев атақтан да лауазымнан да кенде емес. Қазір атышулы генерал Аэроғарыш комитетін басқарып отыр.
Loading...