Ғарышкерлер отырған капсула Жезқазған маңына сәтті қонды


Жезқазған маңына түскен капсулаға құтқарушылар 10 минуттан соң жетті. Жерге оралған ресейлік ғарышкерлер Олег Котов пен Сергей Рязанский және НАСА астронавты Макл Хопкинс. Жалпы 38-ші экпедиция көптеген ғылыми жұмыстармен қатар, түрлі тәжірибелер жасаған. Соның бірі Олег Котов ашық ғарыш кеңістігінде 8 сағат 10 минут қалықтап жүріп рекорд орнатты. Қарағанды әуежайына келген ғарышкерлердің иығына әдеттегідей шапан жабылып, осы жолы қазақтың үкілі домбыралары да сыйға тартылды.