Ғарыштан Қарағандының туы жеткізілді

Ресейлік ғарышкерлер Александр Скворцов, Олег Артемьев және АҚШ астронавты Стивен Свонсон Халықаралық ғарыш станциясына наурыз айында аттанған. Мамандар 50-ге тарта тәжірибе жүргізіп,  700-ге жуық тапсырманы орындапты. Осыған қарамастан олар ғарыштан фото мен бейнероликтер әзірлеп жер бетіндегілерді ара-тұра түрлі мерекелерімен құттықтап тұрды. Жерге сәтті қонған экипаж мүшелерін Қарағанды жұрты әдеттегідей жылы қабылдап, сый-сияпатқа бөледі. Ғарышкерлердің өздері де Қарағандыға тарту жасады.


Александр Скворцов, ғарышкер:

-Біз өзімізбен бірге Қарағандының туын әкелгенбіз. Туға біз ғарышта болғанда кездескен 4 экипаждың мүшелері өз қолтаңбаларын қалдырған. Қарағандыға тартуымыз осы болсын.