"26 қарашаға қараған түні KazSat-1 жер серігі жұмыс қабілетінен толық айрылып, қандай бұйрыққа да жауап бермей қалды. Ол мүлдем жұмыс істемейді", -деді Т. Мұсабаев.
Оның айтуынша, "KazSat-1 жер серігін сатып алу мәселесі тіпті Қазақстан заңдарының аясында да шешілмеген. Ең сенімді, жақсы ғарыштық техниканы жасайтын танымал фирмалардан сатып алуға тендер жүргізу қажет еді, ал біздің KazSat-1 жер серігін сенімді деп айта алмайсың".
Сонымен бірге, Т. Мұсабаевтың айтуынша, "KazSat-1 туралы келісім-шартқа бұл салада шамалы болса да түсінігі бар адамдар, тіпті аэроғарыш комитетін басқаратын адамдар да қол қоймаған. KazSat-1 ғарыштық жүйесін құру туралы келісімге Ұлттық инновациялық қордың басшысы қол қойған. Күрделі ғарыштық жүйелерге Ұлттық инновациялық қордың қандай қатысы бар екендігін мен әлі күнге дейін түсіне алмай отырмын",- деді агенттік төрағасы.
"Роскосмостың жетекшісі мемлекет басшысына жер серігі "керемет жұмыс істеп тұр" деп жеткізіп үлгерген. Ал біздің мамандар болса KazSat-1 жұмыс істеу қабілетінін айрылған жер серігі деген тұжырымға келіп отыр. Ал олар бізге 10 қарашада оны басқаруға беруге талпынды",- деді Т.Мұсабаев.