"Ғимараты үгіліп жатыр": Павлодарда 64 жыл бұрын салынған мектеп құлағалы тұр

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Мектептің мүшкіл жағдайын Баянауыл ауданында тұрғындармен кездескен облыс әкімі Әбілқайыр Сыздықовтың өзі мойындады. 

Қазіргі таңда аталмыш мектепте 70 бала білім алуда.

“1958 жылы салынған бұл мектептің ғимараты үгіліп жатыр. Осыған байланысты облыстың құзырлы мемлекеттік мекемелеріне келесі жылы Қаражар ауылында 100 орынға арналған жаңа мектеп салуды тапсырамын. Ол үшін барлық кешенді шараларды қабылдау қажет”, – деді әкім.