Ғ.Насыровтың «Гәкку» фильмі Халықаралық Мәскеу фестиваліне қатысады

деп хабарлады «Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ баспасөз қызметі.

Туынды «Қазақфильмнің» өнімі, сценарий авторы- Дидар Амантай. Фильм философия факультетінің түлектері - Темірлан, Костя атты екі дос туралы. Екеуі 2000 жылы ақырзаман туралы қызу талас жүріп жатқан тұста уақытты «қысқартуға», яғни өздері ақырзаман кезеңінде өмір сүріп отырғанын көз алдарына елестетуге тырысады.

Кинофестивальді Еуропалық киноакадемияның мүшесі, авторлық киноны дамыту қорының негізін салушы, директоры Миролюб Вучкович басқарған әділқазылар бағалайтын болады.