Ғылым саласындағы плагиатқа қарсы күрес басталды

ҚР Білім және ғылым министрлігі ғылыми-зерттеу қызметін этикалық реттеу стандарттарын әзірлеуде.


           "Грант жобаларын орындау кезінде ғылыми алақолдықтың орын алып отырғандығын көріп отырмыз, қоғамға жат -плагиат жүйесі орын алуда. Плагиат сияқты құбылысқа қарсы күресу үшін біз ғылыми-зерттеу қызметін этикалық реттеу стандарттарын әзірлеп жатырмыз", деді Білім және ғылым вице-министрі Мұрат Орунханов Астанада бейсенбіде ведомствоның кеңейтілген алқасында.
           Вице-министрдің сөздері республика премьер-министрінің сайтында келтірілген.