Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, жүктелген жазаның үштен бір бөлігін өтеген бұрынғы Павлодар облысының әкімі Қазақстан заңнамасына сәйкес жазаны жеңілдетуге құқық алды. Қостанай облысы Әулиекөл аудандық сотының 10-тамыздағы шешімімен ол жаза мерзімінің қалған бөлігін қоныс-түрмеде өтеуге жіберілді. "Бұл шешім Жақиянов қамауда отырған УК-161/4 түзету мекемесі әкімшілігінің таныстыруы негізінде оның жаза мерзімінде тәртіп сақтауы мен еңбекке деген ықыласына сәйкес қабылданды" ,- делінген хабарламада.
Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің мәліметі бойынша, Ғалымжан Жақиянов "сотталғанға дейін тұрған мекен-жайына қарай" Павлодар облысындағы Шідерті ауылында орналасқан қоныс-түрмеге жіберілді. Ол бұл жерге 15-тамызда жеткізілді.