Ғимараттарға маңдайша орналастыру тәртібі бекітілді

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Құжатқа сәйкес, мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға жергілікті атқарушы органдар арқылы тегін көрсетіледі.

Өтінішті қабылдау және қызмет нәтижесін беру:

Қызмет алу үшін өтініш пен маңдайша эскизін қоса тапсыру қажет. Құжаттар түскен күні қабылданады, ал қарау және нәтижесін беру мерзімі — 4 жұмыс күні.

Уәкілетті орган ұсынылған құжаттардың толықтығы мен дұрыстығын тексереді, сондай-ақ "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заң талаптарына сәйкестігін қарап, маңдайша эскизін келіседі.

Электрондық түрде қызмет алу үшін электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) қажет.

Бұйрық 2026 жылғы 1 қазаннан бастап күшіне енеді.