Гір спортынан дүниежүзілік біріншілікте батысқазақстандық спортшы күміс жүлдегер атанды

Ақжайық ауданы Базаршолан ауылынан түлеп ұшқан Жомарт 68 келіге дейінгі салмақта екінші орынды иеленді. 13 елдің 90 өкілі қатысқан жарысқа Қазақстаннан барған сегіз спортшы да жүлделі орынды еншілеп, ел құрамасы жалпыкомандалық есепте екінші орынға көтерілді.

Ел намысын абыроймен қорғап жүрген Жомарт Тілеушев қазіргі таңда республикалық ұлан қатарында қызмет етуде.