Гитарамен ән айтқан Қайрат Нұртастың әкесі көпшілікті тәнті етті

Кәсіби әнші болмаса да, Нұртас Айдарбековтің бір басына жетерлік тыңдарманы, іздеушісі бар. Оның әндерін сүйіп тыңдайтындар аз емес.

Оның қоржынында бір әнтабақты толтырар әндер бар. Енді олардың қатарына әйел-аналарға арналған жаңа туынды қосылмақ. Бұл туралы Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова айтып берді.

“Нұрекең бүгін шабыты келіп,әйел-аналарға арнап мына әнге дайындалу үстінде. Түн жарымда үйді басына көтеріп бітті. Сіздерге ұнап жатса жаздырып қалар”, – дейді Гүлзира Айдарбекова.