Гоген картинасы 300 миллион долларға сатылды

Швейцариялық коллекционер Рудольф Штехелин сату фактісін растады. Газеттің ақпарат көзі мәлімдегендей, картинаны  әмірлік мұражайларына өнер туындыларын сатып алумен айналысатын Qatar Museums ұйымы алған. Олардың сөзіне қарағанда, бұл әлемдегі ең қымбат көркемсурет туындысы атанып отыр.

Поль Гоген - XIX ғасырдағы француз суретшісі. Таитиде 8 жылдан астам тұрған Гоген постимпрессионизмнің ірі өкілдерінің бірі.