Гольфтан Seimar Open Қазақстан чемпионатында жерлесіміз жеңімпаз атанды

Екінші орынды гандикапсыз 157 ұпай жинаған, чемпионаттың өткен жылғы жеңімпазы Кореялық Kang Byung Ku иеленді. Үшінші орында 166 ұпаймен Кореяның тағы бір өкілі - Lee Jeong Wook.

«Stroke play» санаты бойынша жүлделі орындарды Кореяның өкілдері иеленді. Бірінші орын Park Eung Sun (134 ұпай), екінші орын - Nah Jun Tak, (136 ұпай), үшінші орын - Noh Hwa Seung (138 ұпай) еншісінде. Командалық жарыс бойынша 489 ұпаймен Кореялық спортшылар 1-ші, 491 ұпаймен жерлестеріміз 2-ші, 3-ші орында 557 ұпаймен Қырғызстан спортшылары иеленді.

«Nearest to the pin»(«Қазандыққа жақын») атылымы бойынша ең үздік атағы Кореялық Jun Jong Hwan-ға берілді. Жерлесіміз Нұрлан Мақұлбеков «Longest drive» (Ең ұзақ соққы) аталымы бойынша үздік деп танылды. Бұларға салмағы 3,11 келілік 999,9 сыныпты инвестициялық алтын монеталар берілді. Өкінішке орай биылғы жылы да «Hole-in-one» аталымы бойынша соққы жасалған жоқ. Биылғы шараның ерекшілігі 10 жасар Дәулет Төлеубаев пен Александр Кузьминнің қатысуы болды. Шара соңында барлық жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен естелік кубоктары тапсырылды.