Оған әлемнің 24 елінен 132 спортшы қатысып жатыр. Жарыстың алғашқы күні 64 (-8) соққымен франциялық Кристоф Бразильер алға шықты. Одан кейінгі орында 65 соққымен (-7) австралиялық Дэниел Гаунт пен швейцариялық Мангус Крлссон келе жатыр. Ал бұл дүбірлі доданың өткен жылғы финалисі ағылшын Крис Гейн әзірге турнир кестесінің 6-шы сатысында тұр. Онда қазір ел намысын 4 кәсіпқой (Игорь Савицкий, Андрей Лагай, Константин Лифанов пен Александр Вонгай) және 2 әуесқой ( Нұрлан Мақұлбеков пен Әділ Мұхамеджанов) қорғауда.
«Жайлау» гольф гольф курортында өтіп жатқан бұл байрақты бәсеке қыркүйектің 12-сіне дейін созылады. Еуропалық Челендж Турдың ең белгілі жарыстарының бірі болып табылатын сайыстың жүлде қоры 400 мың еуроны құрайды.