Голландия мемлекеті Қазақстанға ЕҚЫҰ-ына табысты төрағалық етуі үшін қолдау көрсетеді

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кеше Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев Нидерланды премьер-министрі Ян Петер Балкенендемен телефон арқылы әңгімелескен.

Премьер-министр Қазақстан президентін "Қазақстанның сыртқы саясатындағы үлкен табыспен, яғни Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына 2010 жылы төрағалық ету қызметіне сайлануымен" құттықтады, деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Әңгіме барысында "Қашаған" жобасына байланысты туындаған жағдай да сөз болды. "Тараптар жобаның қатысушылары бұл проблеманы әлі де түпкілікті реттемегендігіне алаңдаушылық білдірді. Алайда, бұл мәселеде өзара тиімді шешімге қол жеткізілетіндігіне сенім білдірді", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Сондай-ақ, әңгіме барысында екі жақты қарым-қатынастардың кейбір мәселелері сөз етілген.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті