Голландиялықтар бүгін, яғни қазанның 7-нен 8-не қараған түні Роттердамнан чартерлік рейспен ұшып келді.
Голландия құрамасының бас жаттықтырушысы Данни Блинд Қазақстанмен ойынға 27 футболшыны шақырды. Алты ойыншы, соның ішінде команданың капитаны Арьен Роббен жарақаттары салдарынан ойынға қатыса алмайды.
Ойын 10 қазан күні «Астана Аренада» өтеді. Тікелей эфир арқылы «Қазақстан» телеарнасы көрсетеді. Көрсету уақыты - Астана уақытымен сағат 22:00.