Голливуд жұлдызы өзіне қол салды


Оның өлі денесі Калифорния штатының Тиберон қаласындағы үйінен табылған. Жақындары актердің соңғы кездері ауыр күйзелісте болғанын айтуда. Кезінде ол маскүнемдік пен нашақорлықтан да емделген еді.  Миллиардтаған адамды күлкіге бөлеген актер 100-ге тарта фильмге түскен. Солардың ішінде ең танымалдары – «Ояну», «Өлген ақындар қоғамы», «Ақылды Уилл Хантинг», «Август Раш», «Емші Адамс» атты кинотуындылар. Кинематография саласындағы «Оскарды», «Алтын глобусты» және басқа да сыйлықтарды бірнеше рет иеленді. Робин Уильямс үш рет үйленген. Артында үш баласы қалды.