Головкин - әлемдегі ең үздік нокаутер

Головкиннің нокауттық көрсеткіші - 89,29 пайыз. Екінші орындағы мексикалық Хулио Сеханың (аса жеңіл салмақ) көрсеткіші - 88,46. Нокаутерлер рейтингісінің үшінші сатысында конголық Илунга Макабу (бірінші ауыр салмақ) - 87,50, деп хабарлайды alaman.kz.

Естеріңізге сала кетейік, Головкин осы жылы төрт кездесу өткізіп, төртеуінде де қарсыласын уақытынан бұрын жеңді.