Бұл туралы “ҚазАқпарат” хабарлайды.
Яғни ол қамқорлығындағы боксшы Сауль Альвареспен айқаста кіші Флойд Мейвезермен салыстырғанда әлдеқайда жарқын жеңіс көрсетеді деп есептейді.
“Альварестің бірер жыл бұрынғы Флойд Мейвезермен айқасқаны – оны мықты боксшы ретінде танытты. Егер Головкин 16 қыркүйек күні оны соққыға алса, әйгілі жұлдыз болары анық. Өйткені, менің ойымша, Геннадий бұл жекпе-жекте үстемдік танытып, Флойдтың жасай алмағанын жасайды. 16 қыркүйек – Головкиннің мансабындағы шешуші күн. 16 қыркүйектен кейін де осы сөзді қайталайтындығыма үміттенемін”, – деді Санчес BoxingScene-ке берген сұхбатында.