Онда Головкин демеуші компания Tecate ұйымдастырған шараға қатысып, аталған қалада мексикалық Сауль Альвареске (49-1-2, 34 КО) қарсы реванш өткізу мүмкіндіктерін талқылады.
Сондай-ақ Геннадий Америка Ұлттық футбол лигасында өнер көрсететін «Даллас Ковбойз» клубының вице-президенті Чед Эстиспен кездесті. «Далласқа келіп «Даллас Ковбойстағы» досым Чед Эстисті көруге қуанышты болдым. Бұл қалада жекпе-жек өткізу тамаша оқиға болар еді», -деп жазды Головкин Твиттерге.
Головкин - Альварес реваншы 2018 жылдың 5 мамырында өтеді деп күтілуде. Жекпе-жекті қабылдауға Лас-Вегас, Даллас (100 мыңдық AT&T Stadium аренасы) және Нью-Йорк қалалары үміткер болып отыр.