“Қарымта кездесуде мен жеңгеніме сенімдімін. Төрешілердің мені жеңілді деген шешімі – менің проблемам емес. Мен бастысы өз жұмысымды атқардым. Альвареске көп және ауыр соққылар жасағанымды білем. Ол агрессивті қимылдағанымен, мені жеңетіндей күрескен жоқ. Сондықтан мен жеңілген жоқпын деп ойлаймын. Және үшінші айқасқа дайынмын”, – дейді Головкин.
Айта кетейік, 15 қыркүйекте Головкин Альварестен жеңілді. Жекпе-жек 12 раундқа созылды. Төрешілер Альваресті жеңімпаз деп таныды.
Ал, WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Элейдер Альварес бұл жекпе-жекте Геннадий Головкинді жеңімпаз болуы тиіс болғанын айтқан еді.