Головкин аустралиялық Дэниэл Гилмен болатын жекпе-жекке дайындалуда

32 жастағы спортшының жаттығу жиындары Калифорниядағы Big Bear жаттығу базасында өтуде. 

Еске сала кетейік, 33 жастағы Дэниэл Гилге қарсы кездесу 26 шілдеде Нью-Иорктегі 20 мың орындық Madison Square Garden аренасында өтеді. Жекпе-жек HBO телеарнасы арқылы көрсетілмек.

Бұл Геннадийдің кәсіпқой бокстағы 30-шы кездесуі. Ал WBA чемпионы титулын 11-ші рет қорғайтын болады.

Айта кетейік, қазақстандық боксшы 29 кездесудің 26-сын нокаутпен жеңді.

Кеше чемпиондық кездесуге арналған билеттер сатылымға түсе бастады. Бұл туралы Головкиннің командасы хабарлады.

Сондай-ақ билеттерді Ticketmaster кассалары мен www.ticketmaster.com, www.thegarden.com сайттарында онлайн түрде сатып алуға болады. Ең арзан билеттің бағасы 25 доллар тұрса, ең қымбаты - 500 доллар.