Головкин бас тартқан әлем чемпионы титулы үшін жекпе-жек белгіленді

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы  ҚазАқпарат.-қа сілтеме жасап хабарлайды. 

«Құдайға шүкір, жекпе-жек жақындап келеді! Тарихқа қосылыңыздар», - деп жазды Фалькао Instagram-парақшасында.

Боксшы жариялаған ресми постерде Фалькао — Гуальтьери кездесуі 1 шілдеде Вупперталь (Германия) қаласында өтетіні жазылған.


Боксшылар таласатын орта салмақтағы IBF белдігі әзірге бос. Бұрын ол қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге (42-2-1, 37 КО) тиесілі болатын, бірақ ол титулдан бас тартты.