Головкин бокстан ұлттық құраманың жеңісіне пікір білдірді

"Қазақстан құрамасын Ташкентте өткен бокстан әлем чемпионатындағы тамаша жетістігімен құттықтаймын!", - делінген Головкиннің әлеуметтік желідегі парақшасында деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

Ол бапкерлер штабының еңбегі зор екенін атап өтті.

"Өте жақсы жұмыс істедіңіздер. Олимпиада ойындарына дайындық жүргізуде сәттілік тілеймін", - деп түйіндеді әлем чемпионы.

Еске сала кетейік, Қазақстан 2023 жылғы әлем чемпионатында 4 алтын және 1 күміс медаль алды. Санжар Ташкенбай (48 келіге дейін), Махмұд Сабырхан (54-ке дейін), Асланбек Шымбергенов (71-ге дейін) және Нұрбек Оралбай (80-ге дейін) әлем чемпионы атанса, Дулат Бекбауов (67-ге дейін) күміс жүлдені иеленді.